Асылхан Төлепов туған қаласы үшін көмек сұрады
Асылхан Төлепов туған қаласы үшін жұрттан көмек сұрады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Асылхан Төлепов ақтөбеліктердің қазіргі жағдайы туралы жазбасын бөлісті. Олардың қай мектептерге орналастырылғанын хабарлап, көмектесуге шақырды.
«Əттең жердің шалғайлығы. Менің Ақтөбемді су басып жатыр. Жаны жайсаң адамдар, көмектеріңіз қажет. Жаңа ғана хабар алдым. Үйлері суға кетіп үйсіз күйсіз қалған адамдарды мектептерге орналастырыпты. Оларға киім-кешек, балаларға арналған жөргектер жетіспей жатқан көрінеді. Қолымыздан келгенше көмектесейікші. Менің білуімше, № 15, 40 жəне басқа мектептерге орналастырған. Қолдан келгенше баршамыз репост жасайықшы», – дейді актер.
Жіберіп алмаңыз:
Жанар Дұғалова: Табыс пен атақтың сүйікті ерімді алмастыра алмайтынын түсіндім
Әлемдік басылымда Димаш туралы мақала жарық көрді
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан