Асылхан Төлепов не себепті үйленгенін жасырмақ болғанын түсіндірді

Бейсенбі, 7 Желтоқсан , 2017 14:37

Қолына ақ құсын қондырғанша, үйленетіні жайлы жан баласына жақ ашпаған Асылхан тілшілердің құрығына түсті. Отағасы атанғаннен бері журналистермен жүздеспеген актер, отбасылық өмірдің қызықтарымен алғаш рет бөлісті. Төлеповтің өзі айтсын.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Енді біреуге жар салмайын деп, жеке өмір, жеке өмір болып қалғанынын қалап едім. Бірақ, енді қанша дегенмен де интернет желілеріне тарап кетті. Өмірде 3 нәрседен жаңылыспау керек: мамандық, дос, жар таңдаудан деп айтады ғой. Аллаға шүкір, осы үшеуінен жаңылыспадым деп ойлаймын”, – дейді Асылхан.

Жас депутат жанұялы болғанын дүйім жұртқа жария қылғанымен, бұдан былай жас жұбайлар ел назарында жиі жүреді деген сөз емес!

“Туысқандардың арасында жүреміз. Мүмкін басқа да өнер жұлдыздарының тойларында жүреміз. Бірақ, енді шақырғанға байланысты ғой. Кейде жеке шақыратындары бар”, – дейді актер.

Асылхан ақ құсын қолына қондырған күні, ағасы Артур да келген қонақтарды тосын-сыймен тәнті қылған болатын. Бүгінде келесі қуанышқа қызу дайындықты бастаған Төлеповтер әулеті, екінші тойдың да уақытын белгілеп үлгеріпті…

Орысша айтқанда «сюрприз» жасады тойымызда. Ешкім күткен жоқ. Оны әкем де, анам да, туған қарындасым да, өзім де білген жоқпын. Ол өзі тойдың қызығына кіріп кетіп, үйленгісі келіп кетті ме, білмеймін. Жазға деп отырмыз. Күн жылынғанда деп, бұйырса жоспарлап отырмыз”, – дейді Артурдың інісі.

Айта кетейік, Артурдың болашақ жұбайы Мәдина, Қарағанды қаласының қызы. Сері жігіт сүйіктісімен Алматы шаһарындағы мейрамханалардың бірінде танысқан.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Елге танымал әншілер Сара Тыныштығұлованы екі мәрте өлтірмекші болған

Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады

Асылхан “қайырымдылық жасап мақтанды” деп сынағандарға жауап берді

Дана Кентай трансвеститтер туралы: Әр адам өз қалауынша өмір сүруі керек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар