Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дана Кентай трансвеститтер туралы: Әр адам өз қалауынша өмір сүруі керек

Әнші Дана Кентай жынысын ауыстырған трансвеститке тамсана қарағанын айтып, айды аспанға бірақ шығарды. Оның айтуынша, өмір бір рет берілетіндіктен, әр адам өз қалауынша өмір сүруі тиіс, деп хабарлайды Stan.kz.

Дана трансвеститтер мекені саналатын Таиланд еліне бейнебаян түсіру үшін барған. Сапар барысында әнші жынысын ауыстырған ерлерді көптеп кездестіргенін ашық айтты.

“Таиландта кейбір жігіттер қыздардан да əдемі екен. Өз көзіммен көргенде бір жағынан үрейленіп, бір жағынан тамсанып қарадым… Шынында да əдемі. Баяғыда өз жынысын ауыстыратын адамдарға сын көзбен қарап, қатты сөгетінмін. Қазір ойлаймын, өмір біреу жəне əркім өз қалауынша өмір сүруі қажет, ең бастысы басқа адамға зиянын тигізбей. Ал арғы дүниеге барғанда əркім өз күнəсі үшін өзі ғана жауап береді. Қазақстанда шаш бояп, сырға тағатын жігіттерге іші ашитын адамдар осында келсе не болар екен деп қоям əлгі жерде””, – деп бөлісті әнші.

Инста-оқырмандар әншінің пікіріне қарсы шықты. Олар Дананы қазақ халқына жат нәрсені насихаттағаны үшін деп айыптады.

“Дана сенен мынадай ой туса, қалғанын қой”, “Құдай сақтасын ондайдан. Біздің қазаққа жат нәрсе. Түсінбедім мұнымен несіне суретке түскен жиіркенішті”, “Күшті мағыналы сөз айттым деп тұрсыз ба? Мінсіз адам болмайды, бірақ мыналардың күнәсі кешірілмейді”, “Жастарға үлгі қылу үшін жаздыңыз ба? Мұныңыз жарамады”, – деп ұрысты желідегілер.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар Серік Ибрагимовтің әйгілі әні арқылы жеке өмірінің құпиясын ашты (фото, видео)

Индира Расылхан бір күнде дүниеге келген күйеуімен бірге туған күнін атап өтті (фото)

Қуандық Рахым концертінде Ақбота Сейітмағамбетпен дуэт орындамақ (видео)

Сәкен Майғазиевпен суретке түсе алмаған тыңдарман әншіні балағаттап кеткен (видео)

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр