Астаналық жігіт танымал дүкендер желісінің акциясына алданып қалды

Астанада AppleIPhone 7 ұялы телефонына интернет арқылы тапсырыс берген ер адам алданып қалды. Ол сот арқылы 50 000 теңге көлеміндегі моральдық шығынды өндіріп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

2017 жылы қыркүйекте «TechnodomOperator» АҚ «Түнгі жеңілдіктер» акциясын жариялаған.

Ер адам қызына AppleIPhone 7 ұялы телефонын сыйламақ болып интернет арқылы тапсырыс берген.

«Technodom» сайтында аталған құрылғының бағасы 219 990 теңге болып тұрған. Дүкенде менеджер тапсырыстың нөмірін салыстырып, есеп-қисап қағаздарын да жазып берді.

Алайда сатып алушы өз тауарын ала алмады. Сөйтсе, сайтта көрсетілген ақпарат техникалық ақаулықтан дұрыс көрсетілмеген.

Ал AppleIPhone 7-нің бағасы 339 990 теңге болып шықты. Осыдан кейін ер адам басқа телефонды алуға мәжбүр болды.

«Астана қаласы Алматы аудандық соты арыз берушінің талаптарын жартылай қанағаттандырып, «TechnodomOperator» АҚ-сынан 50 000 теңге көлеміндегі моральдық шығынды өндіріп алды. Сот шешімі заңды күшіне енді», – делінген соттың ресми хабарламасында.

Тағы оқыңыз:

Қарағанды облысында прокурорлар пара алып жатқан жерінде ұсталды

Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандық қыз ажал құшты

Қызылорда облысында 8 сынып оқушысы өз-өзіне қол салмақ болған

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
27.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар