Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында прокурорлар пара алып жатқан жерінде ұсталды

Қарағанды облысында екі прокурор пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы  Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

“Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысы Приозерск қаласының прокуроры Е.Б. Тұрысбеков және Әскери прокуратураның Приозерск  гарнизонының аға прокуроры А.У. Раджаповтарды 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде ұстады”, — делінген баспасөз хабарламасында.

Ақша қылмыстық істі тоқтату үшін С. деген азаматтан бопсаланған.

Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын хабарлады.

Тағы оқыңыз:

Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандық қыз ажал құшты

Қызылорда облысында 8 сынып оқушысы өз-өзіне қол салмақ болған

Журналист: Аса қадірлейтін Дулат Исабеков ағам ата сақалы аузына түскенде неге өтірік айтады

Балғынбек Имашев өзіне тоқал іздеп жүргенін айтты

 

Талқылау