Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандық қыз ажал құшты

Ресейде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында Қазақстан азаматы да болған, деп хабарлайды Қазақпарат.

11 ақпан күні апатқа ұшыраған ұшақта Қызылорда облысының тумасы да болған. Оның азаматтығын шатастырып алғандықтан БАҚ-та марқұм болған Қазақстан азаматтары жоқ деп жарияланды.

«Ресей тарапынан жолаушылар арасында Қазақстан азаматы болғаны туралы ресми мәлімет алған жоқпыз. Сондықтан ұшақ бортында қазақстандықтар болмағаны жайындағы бұрын айтқан пікірде қаламыз», – дейді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Естеріңізге сала кетсек, Мәскеу түбінде  Ан-148 жолаушылар ұшағы құлады. «Саратов әуе желісінің» ұшағы Мәскеуден Орск қаласына бағыт алған. Ұшақ Раменск ауданының аумағында құлаған.

Тағы да оқыңыз:

Журналист: Аса қадірлейтін Дулат Исабеков ағам ата сақалы аузына түскенде неге өтірік айтады

Балғынбек Имашев өзіне тоқал іздеп жүргенін айтты

Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар