Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық оқушыны гей болғаны үшін сыныптастары өлтіріп қоя жаздады (фото)

Астаналық жігіт «ерекше» болып жаратылғаны үшін сыныптастарының қолынан өліп кете жаздаған. Ол оқу жылы аяқталар кезде, мектеп қабырғасында, өз басынан өткен қорқынышты жағдайды есіне алды,-деп жазды Stan.kz сайты.

гей

«Мектептегі балалар арасында бірін-бірі қорқыту, ұрып-соғу жағдайлары болып жатады. Бірақ гей жасөспірімдерге көрсетілер қорлық пен мазақ, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеу, көпшіліктің алдында кемсіту жайттары өте қауіпті. Бізде гей оқушылар бар, олардың көрген күні осындай»,-дейді Астана тұрғыны Бека.

гей2

Бека есімді жігіт өзінің гей екенін алғаш болып өзгелерден естіген. Себебі ол ешқашан гей болуға ұмтылмағанын айтады.

«Мен қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем- шопыр, анам- дәрігер. Менің туған әпкем бар. Анам мен әкем қарапайым адамдар, ешқандай сектаға немесе ұйымдарға мүше емес. Олар бірін-бірі осы күнге дейін жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді.

Мен сондай махаббатты көріп өскен баламын. Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезімде мектепке жетуге асығатынмын. Себебі, маған сабақ қызық болды. Үлгерімім жақсы еді. Мұғалімдер де үнемі қолпаштап, мақтап отыратын. Ол кезде достарым да көп еді.

гей3

Бастауышты аяқтап,5-6 сыныпқа көшкен кезде доссыз қалдым. Барлық балалар мені «қызтеке», «қыздармен ойна, қыздармен жүр, қыздармен сөйлес» дегенді шығара бастады.

Тіпті мен сөйлеп қалған бала жауап берсе, өзгелер оны менімен сөйлесті деп мазақтайтын жағдайға жетті. Мен ол кезде гей дегеннің не екенін де білмейтінмін. Гейлер жайлы кітап та оқыған емеспін, кино да көрмегем, тіпті ешкім маған ондай зорлық та көрсетпеген.

Осындай жағдайлар менің еркін болуыма, мектепке өз еркіммен, қалауыммен баруыма, дұрыс білім алуыма үлкен кедергі келтірді. Бірақ мен сабағымды жақсы оқығаннан бөлек, түрлі пәндерден жарыстарға қатысып, жүлделі оралатынмын. Қайғылысы бірде-бір досым жоқ еді»,-дейді Бека.

«Есімнен кетпей қалғаны, 8-сынып оқып жүрген кезімде сыныптастарым мені өлтіріп қоя жаздады. Сабақтан қайтар жолда мені төрт оқушы күтіп алды. Үшеуі аяқ-қолымды ұстап тұрды. Олардың біреуі қаламсаппен маңдайыма жазбақшы болды.

Әрине қарсылық көрсетіп, мен де барымша тепсіндім. Алысып тұрған кезде ашуға булыққан сыныптасым қаламсапты беліме тығып алды. Қанды көрген өзгелер қаша жөнелді. Ал мені жарақаттаған сыныптасып қашып барып, жарты жолдан қайтып келді. Ол өзі сұққан қаламсапты суырып алып, қайтадан кетіп қалды. Қансырап жатқан кезімде әйел кісі мені көріп қалды. Жедел жәрдем шақырып,ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлер жарақатымның ауыр емес екенін түсіндірді. Полиция да шақыртылыпты. Мен олардың барлығына «Абайсызда темірге ұрындым» деп жауап бердім. Үйге келіп, бүрсеңдеп жүргенімді көрген анама «Аяғымды қайырып алдым» деп алдадым.

Осылайша демалыс күні төсектен тұрмай жаттым. Жанымды мазалайтыны жарақат емес, «Ертең сабаққа қалай барамын, мектепте қалай жүремін» деген ой болы. Дүйсенбі күні сабаққа барып, бірден директордың көмекшісіне «Мені басқа сыныпқа ауыстырыңыз» дедім. Мұғалімдер менің жағдайымды түгел біледі екен. Олар бірден тілегімді орындап, мектеп бітіргеніме дейін мені өзгелерден, сыныптастарымнан қорғап жүрді десем болады»,-дейді Астана қаласының тұрғыны.

Өзін Бека деп таныстырған жігіт бүгінде өзінің Гей екенін ашық айтады. Сондай-ақ, өзінің гей болып туғанына сенімді. Бұған ешкімді де кінәламайды. Керісінше ерекше жаратылғанына қарай өмір сүруге дайын.

«Мен қазір экономист мамандығы бойынша жақсы жұмыста істеймін. Мен өзіме сенімді, заманға сай білімді азаматпын деп айта аламын. Адамдарға айтқым келетіні мен білімім тасып, басқа жақтан үйреніп алып гей болуды таңдаған жоқпын.

Мен осылай тудым. Мені осылай жаратылғаным үшін кемсітпеулеріңізді, адам ретінде қарауларыңызды сұраймын. Қазір 26 жастамын. Сыныптас 4-5 қызбен араласамын. Басқаларды көшеде көрсем әрі кетсе 20 минут сөйлесетін шығармын.

Көпшілігінің өмірін желіден байқап отырамын. Үйленіп, балалы болғандар бар. Әрине бақытты. Бірақ ойлаңыздаршы, сіз әйел болсаңыз құрбыңызбен махаббат болыңыз десем қалай қарайсыз? Әрине үрейіңіз ұшады.

Немесе ер азаматы болсаңыз досыңызбен махаббат болыңыз десем не ойлайсыз? Бірден сіздің қалауыңызға, жаратылысыңызға жат екенін айтасыз. Себебі сіздің жан қалауыңыз осында, табиғатыңыз осындай. Мені де түсініңіздер, менің жаратылысым соның керісіншесі. Мен осылай дүниеге келдім»,-дейді Бека.

Қаржы компаниясының белді қызметкері өзінің ерекшелігін тағдыры деп тән берген. Әрі оқушы кезде басынан өткен жағдай мен сыныптастар арасындағы түсінбестікке байланысты ешкімге өкпесі жоқ. Тек өзінің  ойы мен табиғаттың жаратқан ерекшелігіне басқалар сыйластықпен қараса екен дейді.

Бұл туралы Астана қаласының тұрғыны бека Әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.

Оқи отырыңыз:

Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)

Қыдырәлі Болманов: Жұмысымның көптігі соншалық, туған күнім екенін ұмыттым

Канн кинофестивалінде Қазақстанның бірінші ұлттық павильоны ашылды

Артық салмақтан арылған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

 

Талқылау