Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы элиталы мектепте аса қауіпті шетелдік ұстаз сабақ берген

Спецификалық ауытқушылығы бар шетелдік азамат Астанадағы элиталы мектептердің бірінде сабақ берген. Шетелдік ұстаз білімгерге қатысты зорлық әрекет жасамақ болған. Оғаш оқиға спорттық саяхат кезінде орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Астанадағы элиталы мектепте қауіпті шетелдік азамат сабақ берген

Аталған оқиғаға Білім және ғылым министрлігі назар аударды. Ондағылар фактіні растап отыр. Ал мұғалім оқу орнынан бірден шығарылған. Ал журналистер ұстаздың биографиясынан естігеннің жанның денесін түршіктіретін деректер анықтады.

Quality Schools International – бұл халықаралық мектеп желісі. 1971 жылы негізі қаланған мектептің бүгінле 31 мемлекетте 37 филиалы бар. Біздегі филиалдары Атырау, Алматы мен Астана қалаларында орналасқан. Үшіншісі соңғы кездері теріс жағынан танылуда.

Мұғалімнің білімгерге қатысты орынсыз әрі кәсіби емес қылығы үшін жұмыстан босатылып отыр. Бір қызығы, небәрі 24 сағаттан соң шетелдік Қазақстаннан кетіп қалған. Болған оқиғадан министрліктегілер хабардар.

“Сондай ақпарат келіп түсті. Біз сұраныс тастадық, мектеп мұғалімді жұмыстан шығарғанын айтты. Факт орын алған. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап жатырмыз, барлығын заң аясында шешеміз”, – дейді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Атышулы мұғалімнің есімі аталмағанымен, журналистер ол туралы біраз шындықтың бетін ашты. Ол – Стивен Джексон. Бұрын одан сексуалдық зорлыққа ұшыраған студенттер мен мұғалімдер арнайы сайт ашып қойған. Порталда ұстаз туралы барлық мәліметтер бар: қайда сабақ берген, қай елдерде тұрған, тегін қалай ауыстырған, кімге тиіскен, т.б.

Астанадағы элиталы мектепте аса қауіпті шетелдік ұстаз сабақ берген

Англия, Американың бірнеше штаты, Африка, Қытай. Аталған тізімге жақында Қазақстан қосылды. Ендеше аса қауіпті мұғалім қалайша элиталы мектепке қабылданған? Министрліктегілердің бұған берер жауабы дайын.

“Оның анықтамасы бар. Мұғалім жұмысқа тұратын кезде сотталмағаны жөнінде анықтама алып келеді. Ал бұл педагогтың ондай анықтамасы бар. Қазір анықтау үстіндеміз. Жазбаша түрде сұраныс жібердік”, – дейді Эльмира Суханбердиева.

Ал бұған жауапты шетелдік журналистер берген. Мәселен, британиялық “Гардиан” басылымы Джексонның осы уақытқа дейін жасаған әрекеттері үшін жазадан сытылып келгені туралы жазған. Оған себеп құрбан болған азаматтар полицияға кеш хабар береді екен. Ал астаналық мектеп аталған оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартып отыр. Білімгерлер болса Мистер Джексонның оғаш әрекетке баратынына сенбей отыр.

“Оны жақсы адам деп ойлаушы едік. Олай емес екен”, – дейді студенттер.

Қауіпті мұғалімнің әрі қарай қайда кеткені белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау