Астанадағы мектепте көз жұмған оқушы өлімінің алдын-ала себептері белгілі болды

Жұма, 2 Желтоқсан , 2016 11:16

Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде қайғылы жағдай орын алды. Осы білім ордасының 8-сыныбында оқитын бала жұмбақ жағдайда көз жұмған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161202105021

Астанадағы мектеп-лицейде қайтыс болған 8-сынып оқушысының өліміне қатысты алдын-ала деректер шықты. Әзірге оқушы жүрек ақауынан көз жұмды деп айтылуда.

“Алдын-ала деректер бойынша бала жүрек ақауынан көз жұмуы мүмкін. Барынша нақты ақпарат кейінірек пайда болады”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Астана мектебінде болған қайғылы жағдайды полиция зерттеп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалғаны хабарланған еді. Астана ІІД хабарлауынша, 14 жастағы баланың денесі “ешқандай зорлық белгілерінсіз” 30 қараша күні 13.00-де оқу сыныбынан табылған. Алайда қалалық білім басқармасы өкілдері мен мектеп қызметкерлері баланың не себепті қайтыс болғанына қатысты нақты түсініктеме бермеген.

Қалалық білім басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ботагөз Омардың айтуынша, ер баланың қайтыс болғаны расталғанымен, әлі нақты қорытындылар дайын болмаған.

“Қазір мектеп басшылары баланың жаназасына кетті. Қандай да бір ақпаратты басшылар ғана бере алады. Ол кезде оқиға орнында болмадым”, – дейді мектеп қызметкерлерінің бірі.

Оқи отырыңыздар:

ШҚО-да ер адам көшеде кетіп бара жатқан оқушының белдемшесін тартып суретке түсірген

Павлодар облысында газ баллоны жарылып адамдар қаза тапты

Маңғыстауда 29 жастағы ер адам өзін өзі өртеп жіберді

Есікте қыз зорлады деп сотталғандар сот отырысынан соң төбелес жасады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар