ШҚО-да ер адам көшеде кетіп бара жатқан оқушының белдемшесін тартып суретке түсірген

Сәрсенбі, 30 Қараша , 2016 18:22

Оқиға 2016 жылдың сәуір айында болған. 33 жастағы Зырян тұрғыны мас күйінде көшеде не істерін білмей жүреді. Сүйкімді жас қызды көріп қалып, оны аңди бастайды. Қыз одан қаша бергенде қуып жетіп алып белдемшесін шешіп, суретке түсірмек болады.

f500e9fe22fb5eaacc142ed5fa20eb5b

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Бойжеткен бар даусымен көмек сұрап айқайлайды. Әйтеуір қарсыласып жатып одан сытылып шығады. Қызы үйіне қашып барып болған жайтты әкесіне айтып береді. Әкесі көшеден әлгі бұзақыны тауып алып, қабырғаға тақап ұрмақ болады. Мас азамат қызға тиіскен өзі емес, егіз сыңары екенін айтып ақталған. Әкесі кейін полицияға арыз жазады. Ертесі күні полицейлер «фотографты» тез тауып алды.

Тергеу барысында айыпталушы кешірім сұрады. Ол өзінің неліктен мұндай қадамға барғанын білмейтінін айтты. Суреттерді тек ғаламторға жүктемек болғанын жеткізді.

Сот шешімі бойынша айыпталушы 1 жарым жылға бас бостандығынан айырылып, 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді.

Роман Кудинов

Жіберіп алмаңыз:

Маңғыстауда 29 жастағы ер адам өзін өзі өртеп жіберді

Ұлттық символды аяқ астына таптаған ағылшын тілі орталығы тұрғындардың ашуын келтірді

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен жігіт үшін туыстары 1 миллион теңге беруге дайын

Алматы тұрғынының балалар үйінен асырап алған ұлын 2 жылдан соң тастап кеткен анасы қайтып алмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар