Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен жігіт үшін туыстары 1 миллион теңге беруге дайын

Маңғыстау облысында Қайыржан Қызылғұловты осымен екінші апта қатарынан іздеп жатыр. Туыстары жігіттің орналасқан жерін айтқан адамға бір миллион теңге сыйақы беруге де дайын.

Безымянный

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

“Бізде ешқандай дерек болмай тұр. Бізге әскерилер көмектесіп, жан-жақты шарлап іздеп жатыр. Бірақ, әлі де болса мейірімді жандардан көмек күтеміз. Бізге далалық жерлерде іздестіру жұмыстарын жүргізетін еріктілер керек. Ауыл кіші болғанымен, оның айналасы өте ауқымды. Еріктілерді тамақпен өзіміз қамтамасыз етеміз”, – дейді немере әпкесі Сара Қызылғұлова.

Қайыржанның туыстары, жігіт туралы ақпарат білетіндер мына телефон нөміріне хабарласса дейді: 8 702 489 99 77 (Сара). Тиісінше маңызды ақпарат үшін 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беруге де дайын.

Еске сала кетсек, ер адам 19 қараша күні Аташ ауылынан жұмысқа шығып кеткеннен кейін қайтып оралмаған.

Оқи отырыңыз:

Алматыда атышулы трансгендерге қатысты жаңа дерек шықты

Қазақстанда өзін әріптесі зорлады деп шағымданған әйелге қатысты тағы бір шу шықты

Ұзынағашта ағайынды үшеуді өлтірген қылмыскерлерге сот үкімі шықты

Астаналықтар тротуарға жүрек бейнесін салған адамды тапты

Талқылау