Астанадағы дауыл: Кран машинисі жерге түсіп үлгермей қалған

BI Group компаниясындағылар Астанадағы дауыл кезінде кран машинисінің жерге түсіп үлгермей қалғанын айтты. Өз кезегінде машинист әйел дауыл кезінде биіктен видео түсіріп, әсерімен бөліскен, деп хабарлайды Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz.

Астанадағы дауыл: Кран машинисі жерге түсіп үлгермей қалған

Белгілі болғандай, видео Otau Development Group нысандарының бірінде түсірілген.

«Қаланың шұғыл қызметтерінен дауылды ескерту туралы хабарлама түсті. Компания диспетчері сағат 13:05-те дауыл болатыны туралы ескертті. Мұнан кейін сағат 13:11-де нысандардағы жауапты механиктер мессенджерлердің көмегімен дауыл туралы хабарлама жолдап, кран машинистеріне рация арқылы сигнал жіберген.

Техника қауіпсіздігінің ережелеріне сәйкес, машинистер кабинаны тастап шыққан. Машинист Алма Әлімова хабарламаны алғаннан кейін бірден жұмыс орнынан кетуі керек еді. Ол кезде желдің екпіні секундына 17 метр болған. Алма Әлімова мұнаралы кранның кабинасынан шыға алатын. Алайда ол жел басылады деп үміттеніп, кабинада күтуді ұйғарған.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

Ол ескертудің маңыздылығын тиісінше бағаламай, дауылды ескерту кезіндегі қауіпсіздік талабын бұзды. Аяқастынан дауылдың екпіні секундына 35 метрге дейін үдеп кетті.

Дауыл басылғаннан кейін, кран машинисі аман-есен жерге түсті. Ол зардап шеккен жоқ, ешқандай жарақат алмаған. Ал кабина ішінде түсірілген видеоға қатысты ол әріптестері үшін «таңғаларлық» видео түсіруді ұйғарғанын айтты», – дейді компаниядағылар.

Естеріңізге сала кетсек, кеше, 22 мамырда, Астанада қатты дауыл соғып, мұнаралы кран құлап кете жаздады.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да асылып өлген полиция қызметкері өзіне қол жұмсар алдында басшысына хат жазған

Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды (видео)

Қарағандыда 1 жасар сәбиін ауруханада тастап кеткен анасы оны балалар үйіне өткізді

Баланы эскалатор қысып қалды: Астана әкімдігі видеоға қатысты пікір білдірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар