Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы батут оқиғасы: Исекешев кінәлі адамдарды жазалауға уәде берді

Астана әкімі Әсет Исекешев батуттағы оқиғаға байланысты зардап шеккен балаларға барып, жағдайын біліп қайтты.

Астанадағы батут оқиғасы: Исекешев кінәлі адамдарды жазалауға уәде берді

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Исекешев зардап шеккен бүлдіршіндердің ата-аналарымен әңгімелесу барысында қалалық билік, ІІД және Төтенше жағдайлар департаменті жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты. Ол сондай-ақ, болған оқиға кінәлі адамдардың жазаланатынына сендірді.

«Астана қаласы әкімдігінің өтініші бойынша зардап шеккен балалардың денсаулығын нейрохирургия ғылыми орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов, травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрлан Батпенов, сондай-ақ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері сынды үздік мамандар бақылауда»,- делінген хабарламада.

Әкімдіктің айтуынша, батут орналасқан аумақ «Жаннұр» сауда орталығының жеке меншігінде.

«Елорда әкімдігі сауда-ойын-сауық орталықтарының және қаланың сауда орталықтарының аумағында ойын-сауық нысандары мен аттракциондар орнатуға рұқсат бермейді. Кәсіпкерлер батутты сауда орталықтарының аумағына жалдау шартының негізінде орнатады. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта биліктегілер бизнестің қызметіне көп араласпады. Бірақ, сонымен қатар бизнес нысандары келушілердің жайлылығы мен қауіпсіздігіне назар аударуы керек», – деп толықтырды баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: 

Атырауда 30 жастағы әйел көпірден секіріп кетпекші болды

Астанада мектепте өрт шығып, мыңдаған бала қауіпсіз жерге көшірілді

Қазақстандықтар Головкиннің жекпе-жегін көре алатын болды

Алматыда үш әйелді өлтірген қанішердің ісіне қатысты сот үкімі шықты

Талқылау