Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы 5 қыздың өлімі: Уақытша баспананың иесі 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Адвокат Жандос Тұяқов Астанадағы ықшамаудандардың бірінде өртке оранып көз жұмған қыздардың өлімі үшін кім жазалануы мүмкін екенін айтты.

Астанадағы 5 қыздың өлімі: Уақытша баспананың иесі 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Заңгердің пікірінше, қайғылы жағдай үшін уақытша баспананың иесі жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Жандос Тұяқовтың сөзінше, уақытша баспананың иесіне уәкілетті органдардан өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны үшін бірнеше рет ұйғарым жіберіліпті. Алайда, ол бұған мән бермеген сыңайлы.

Сонымен қатар Тұяқов уақытша баспананың иесі жазаланады деп нақты айтуға болмайтынын айтты. Себебі бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр, дейді ол.

Ал уақытша баспананың иесі жауапқа тартылған жағдайда, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Кеше марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау