Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жылы аялдаманы қиратқан азамат қолға түсті (видео)

Күні кеше Астанада жылы аялдаманы қиратып кеткен жігіт туралы ақпарат тарады. Түнгі сағат 2-лер шамасында шыны есікті тепкілеп, 100 мың теңгеден аса шығын келтірген азамат бүгін қолға түсті.

Астанада жылы аялдаманы қиратқан азамат қолға түсті (видео)

Бұл туралы Астана полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қолға түскен азамат 22 жастағы Түркістан тұрғыны. Әлеуметтік желіде жас жігіттің елорда халқынан кешірім сұраған видеосы пайда болды.

“Аялдамада қызым екеуміз жылынып жатыр едік. Сонда арамызда келіспеушілік туындап, қызуқандылыққа бой алдырып қойдым. Сол жердегі есікті теуіп, сындырып жібердім”, – деген азамат елордалықтардан кешірім сұрады. Келтірілген залалды қалпына келтіруге уәде берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау