Астанадағы қайғылы оқиға: Мұнара краны құлады

Астанада құрылыс жүріп жатқан тұрғын үй кешеніндегі мұнара краны құлады. Оқыс оқиға 19 наурызда таңертең “Ақ Дидар” кешенінің құрылыс алаңында болған. Апаттың салдарынан 29 жастағы краншы қайтыс болды.

«Бұл мәселеге қатысты департаментте комиссия құрылды. Оқыс оқиғаның себебін солар ғана анықтай алады. Алайда оқиға қатты соққан желмен байланысты екені анық», — дейді  Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Владимир Овчинников. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Оның айтуынша, жұмыс беруші компания құрылыс алаңында қаза болған жігіттің отбасына көмек көрсетеді. Департаменттергілер қайғылы оқиғаның нақты себебі он жұмыс күнінен кейін белгілі болады дейді.

Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында Астанада «Сарыарқа» ауданында осыған ұқсас оқиға болған еді. Болжам бойынша кран қатты желден тұйық тіреуішке соғылған. Абырой болғанда ол кезде ешкім зардап шеккен жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда ішкі істер басқармасы маңынан жауыздықпен өлтірілген 50 жастағы әйелдің денесі табылды

Павлодардағы саяжайдан ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылды

Павлодарда пойыз қағып кеткен 12 жасар бала аман қалды

ОҚО-да өз ұлын пышақтап өлтірген 85 жастағы зейнеткерге қарсы қылмыстық іс қозғалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар