ОҚО-да өз ұлын пышақтап өлтірген 85 жастағы зейнеткерге қарсы қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының егде жастағы тұрғыны өз ұлын пышақтап өлтірген. Аталған ауданның сотының мәліметінше, өз ұлын өлтірген  85 жастағы әжейдің  үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Зейнеткерге қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің  99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот адам өлтірді деген күдікпен ұсталған зейнеткердің егде жасын ескеріп, оны үй қамауына алу туралы бұйрық берген.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық оқиға  ағымдағы жылдың 15 наурызында Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында болған. Ащы суға тойып алған 55 жастағы ұлы анасына қол көтерген. Сол кезде мас ұлынан қорғанбақшы болған зейнеткер оған пышақ сұғып алған.

Кейін марқұм болған азаматтың біраз жылдан бері маскүнем ретінде наркологиялық диспансер мен ішкі істер органдарында тіркелгені белгілі болды.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда тоғызыншы сынып оқушынын өлтіріп кетті

Шымкентте жоғары жылдамдықпен жүйіткіген жүргізуші апатқа ұшырап, көз жұмды

Таразда шайханада 3 400 теңге шотты төлеуден бас тартқан ер адамдар атыс шығарды

Шымкентте белгісіз біреулер кәсіпкердің отбасын өлтіріп кеткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар