Таразда шайханада 3 400 теңге шотты төлеуден бас тартқан ер адамдар атыс шығарды

Таразда атыс болып, жарақат алған екі адам ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, оқ екеуінің де аяғына тиген. Оқиға қаладағы шайханалардың бірінде болған.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Оқиға 7-шағынауданда болған. Шайхана қызметкерлерінің айтуынша, барлығы клиенттердің есептеспеуінен басталған. Бір топ жігіт 3400 теңге шотты төлеуден бас тартып, тыңдамастан шығып кетпек болған. Осы кезде даяшылар амалсыз күзет шақыртыпты.

«Алдында да отырған. Оны төлеп кеткен. Жанындағы тағы бір бала мен төлеймін деген. Ол бала төлемей, өзі кетіп қалған. Ал мыналар «біз төлемейміз, жаңағы бала төлейді» деген. Екеуі бір-бірін түсінбей қалған ғой. Бұлар «Сіздер төлеп кетіңіздер» деп айтқан», – дейді аға даяшы Айткүл.

Шайхана қызметкерлері қорыққандықтан есікті жауып, ішке жасырынып қалған. «Сондықтан әрі қарай не болғанын білмейміз. Барлығы сыртта болды» деп отыр.

«8-9 полиция көлігі тұр екен. Үш жедел жәрдем көлігі тұр екен. Сосын жақындадым не болып жатыр деп. Сосын тұрған балалар атыс болған деп айтты. Сөйтіп мен келгенде ұзын бойлы жігітті жедел жәрдеммен алып кетті. Басы қан екен», – дейді куәгер Гүлмира Шонтаева.

Алдын ала болжам бойынша, шайханадан шыққан бір топ жігіт күзет қызметкерлерімен төбелескен болуы мүмкін. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаменті тіс жармай отыр. Баспасөз қызметінің жетекшісі ресми ақпарат тек дүйсенбі күні берілетіндігін телефонмен қысқа қайырды. Ал №1 қалалық аурухана дәрігерлері оқ тиген екі жігіттің түскендігін растады.

«Бізге түнгі сағат 22:00 шамасында 27 мен 32 жастағы екі жігіт түсті. Біреуі жедел жәрдеммен, екіншісі өзі келді. Арасы 30 минут. Екеуіне де оқ тиген. Бірінің жамбас тұсы, екіншісінің саны жарақаттанған. Рентген әрқайсысының аяғында 30 шақты бытыраның қадалып тұрғынан көрсетті. Науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетіп, қайтардық», – дейді №1 қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабеков.

Дәрігерлер жарақат алғандарың біреуі «5-ші, ал екіншісі 7-ші шағын ауданда «белгісіз біреулер атып кетті» деп түсінік берді», – дейді. Қаза тапқандар бар-жоғы белгісіз. Ресми ақпаратты ешқандай орган таратпай отыр.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте белгісіз біреулер кәсіпкердің отбасын өлтіріп кеткен

Грузияда туристер мінген арқан жол істен шығып бірнеше адам жарақат алды (видео)

Ақтөбеде бесінші сынып оқушысы жолдасының аяғына пышық сұғып алды

Алматыда мас күйінде көлік басқарған жүргізушінің кесірінен жол апаты болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар