Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ішкі істер басқармасы маңынан жауыздықпен өлтірілген 50 жастағы әйелдің денесі табылды

Оралда тура қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының маңынан азаптап өлтірілген әйелдің денесі табылды. Тұмсық астынан табылған марқұмның кім екенін полицейлер тез арада-ақ анықтады. Ол 50 жастағы жергілікті кәсіпкер болып шықты, деп хабарлады КТК.

Денесі қанға боялып, қар үстінде іш киіммен ғана жатқан әйел туралы әлеуметтік желі арқылы белгілі болған еді. Оны қинап өлтірген адам өлі денесін еш шімірікпестен дәл қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының маңына тастап кетіпті. Мұндай жағдайға әбден көздері үйренгенін айтқан тұрғындар бұл полицияны мазақ қылу деп отыр.

«Бұл деген барып тұрған бассыздық қой! Шынымен де қылмыскер осы әрекетімен тәртіп сақшыларының бетіне түкіріп тұр емес пе?Дәл полиция ғимаратының алдында болып жатқаны мынау, басқа жерде не болып жатқанын құдай білсін!»,- дейді Орал қаласының тұрғыны Валентина Шаренко.

Марқұм әйел бірнеше жыл бұрын жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ет сатқан. Кейін пәтерлерді жалға берумен айналысыпты. Табыскер әйел жалғыз қызын да өзі тәрбиелеп, Астанадағы жоғары оқу орындарының біріне оқуға түсірген екен. Көршілері оның жаман атқа қалғанын ешқашан естіген жоқпыз дейді.

«Аң-таң болып тұрған жайымыз бар! Қазір келем деп, кешкі 9-да үйден шығып кеткен. Содан оралмаған. Үнемі отбасым, жұмысым деп жанталасып жүретін, жаман мінезін де байқаған емеспіз»,- дейді марқұмның көршісі Валентина Корнилова.

Қылмыс болатын күні марқұмның қаладағы атышулы түнгі клубтардың біріне барғаны оның қолындағы білезіктен білген. Бірақ ондағылар сол күні өздерінде ешқандай төбелес болмағанын айтып отыр. Ал марқұм әйел мен оның қасында болғандар бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

«Біздегі күзет жүйесінің арқасында полицейлер ол келіншектің кіммен кеткенін анықтады. Клубта төбелес деген болған емес, ол күні де тыныш болды»,- деді түнгі клубтың әкімшісі Елена Букашева.

Ал бүгін полицейлер осы қанды қылмысқа қатысты күдіктіні ұстады. Ол 28 жастағы жергілікті азамат болып шықты. Тергеу абақтысына жабылған оған жауыздықпен адам өлтірді, зорлады деген бап бойынша айып тағылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодардағы саяжайдан ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылды

Павлодарда пойыз қағып кеткен 12 жасар бала аман қалды

Петропавлда мерекелік декорация жас қыздың үстіне құлады

ОҚО-да өз ұлын пышақтап өлтірген 85 жастағы зейнеткерге қарсы қылмыстық іс қозғалды

Талқылау