Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада фестиваль кезіндегі кептелістен 20-ға жуық адам зардап шекті (фото)

Астанада ашық аспан астында қазақстандық және ресей жұлдыздарының қатысуымен өтіп жатқан фестиваль кезінде адам кептелісі орын алды. Төтенше жағдай салдарынан 20-ға жуық адам зардап шеккен.

439f04eb-5c54-42bc-8d94-ee3fcbe3cd76

Бұл туралы Today.kz хабарлайды.

Open Air  “Астана Арена” алдындағы алаңда сағат 20:00-де басталған, алайда көрермендер одан ерте келіп алған. Орын алған адам кептелісі көтеріңкі көңілді су сепкендей басты.

Кейбір зардап шеккен адамдарды жедел жәрдем қызметі ессіз күйінде алып кетіп жатты. Алаңда шашылып жатқан аяқ киімдер көзге шалында, құқық қорғау органдарының сабырлыққа шақырған өтінішін елемегендер де болды.

182944b7-f11d-4235-bad9-113a5008219d

“Басында барлығы тыныш болатын. Біз таршылықты сескене бастадық , алайда мынадай болады деп ойламадық. Адамдар бірін бірі итере бастады, айқайлап, бірін-бірі таптай бастады. Басымнан ауыр жарақат алдым, аяғымды да зақымдап алдым. Халім нашар болып тұр”,- дейді бойжеткен.

23a66e66-2e6a-4549-bc7f-0a69fa195d15

Медицина қызметкерлерінің айтуынша болған оқиғаға көрермендердің өзі кінәлі.

“Мынадай жағдайлардан абай болу үшін, қауіпсіздік шараларын толығымен орындаған дұрыс. Бізде бәрі керісінше. Адамдар соңы не болады деп ойламайды, барлығы жұлдыздарға жақын болу үшін сахнаға жақындай бастады. Міне қорытындысы!” – дейді дәрігерлердің бірі.

Соғанақарамастан кезекші бөлімнің хабарлауынша, қоғамдық тәртіпті бұзғандар болмаған.

Талқылау