Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада екі бірдей автобус жеңіл көлікпен соғысып қалды

Астанада жеңіл автокөлікпен екі автобус соқтығысып қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20170102162804

«Toyota автокөлігі жолаушылар автобусымен соғысып қалды. Одан кейін жол апатына ұшыраған автобус тағы бір автобусқа барып соқтығысты. Бұл 70 және 28 бағыттағы жолаушылар автобустары болатын. Қонаев көшесінде болған жол апатының салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. 28 бағыттағы автобустың жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді. Жол апаты туралы хабар сағат 14.30 шамасында келіп түсті», – деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Колышбекова.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жұмыстары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Шахтинсктегі опырылып түскен көпқабатты үйдің астынан 9 адамның мәйіті табылды (видео)

Мәскеу ауруханасында жатқан спортшы Расул Мырзаевтың суреті жарияланды

2016 жылы қазақстандықтарды жылатқан 6 оқиға

Алматыда жаңа жыл түні екі үйдің балконы өртенді

Талқылау