Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада белгісіз жеткіншек көпірдің үстіне шығып алып, түспей отыр (фото)

Астанада белгісіз біреу «Рамстор» сауда үйі маңындағы көпір бағанына шығып алған. Қазіргі таңда полиция бұзақыны түсіруге әрекеттеніп жатыр.

с

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Қаланың ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекованың айтуынша, көпірдің ұшар басына шығып кеткен жасөспірім бала болу керек, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Алдын ала болжам бойынша, көпір үстіне шығып кеткен адам – жеткіншек деп отырмыз. Оқиғаның егжей-тегжейін кейін хабардар ететін боламыз», – деп түсіндірді оқиғаны Софья Қылышбекова.

Қазіргі таңда көпір маңында полиция қызметі және жедел жәрдем, сондай-ақ өрт сөндіру машиналары жұмыс істеп жатыр.

Бұл оқиғаға куә болған қала тұрғындары суреттерді әлеуметтік желілерге сала бастады.


Жіберіп алмаңыз:

Астанадағы биік арка көпірден өткен екі жігіт тұрғындарды таң қалдырды (видео)

Астанада өзін пышақтаған тәжік азаматы көпірден секіріп өлмек болды (фото, видео)

Талқылау