Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада әлемдегі ең бірінші шатырында километрлік жүгіру алаңы бар үй салынбақ

Астанада бірнеше жылдан кейін шатырында километрлік жүгіру жолы бар үй пайда болуы мүмкін. Мұндай үй әлемде жоқ. Бұл туралы Гиннес рекордтар кітабының жеті дүркін рекордсмені, әлемнің ең үлкен шөл даласын жалғыз өзі жүріп өткен Марат Жыланбаев өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

йф

“Құрметтілерім, мұз орнынан қозғалды, егер ұзақ әрі асқан табындылықпен мақсатымызға жылжитын болсақ, қолымыздан барлығы келеді. Менің Астанадағы жүгіру алаңы бар үй салу жобасы бойынша Кәрім Мәсімовпен кездесуім өтті. Кәрім Қажымқанұлының спортқа бей-жай қарамайтынын білемін, ол өзі жүгіреді, жүзеді, велосипед айдайды және мұндай қаншалықты қажет екенін түсінеді, дөңгелек қозғалды. Кем дегенде үш жыл өтуі мүмкін, біраз бізде әлемдегі ең бірінші жүгіру алаңы бар үй салынады. Ең жоғарғы қабатта шатыр астында және шатырдың үстінде болады”, – деп жазды спортшы.

52 жастағы спортшы сол жерде жүгіру алаңы бар тұрғын үй кешенінің жобасын таныстырды. Жыланбаевтың ойынша, шатырға салынған жүгіру алаңы ауа райының қандай болатындығына қарамастан, қала тұрғындарының жайлы өмірін қамтамасыз етеді.

d608590ef2002ff5d9733467f87af322-big

“Біздің динамикалық уақытта адам қыста үйде отырмайтын болады. Ол белсенді түрде жұмыс істеп, белсенді түрде демалуы тиіс”, – деп ойлайды Марат Жыланбаев.

Марафоншы тұрғын үй кешенінде мектеп интернат ашып, ол жерде өзінің тәжірибесімен бөлісуге уәде берді. “Бұл интернатқа қабылдау тек әділ болады, Қазақстанның барлық мектебі бойынша бірыңғай тест жүргізіледі. Ерік-жігер, спортқа қабілеттілік, медициналық спорт тестілері бойынша, осылайша чемпион тәрбиеленетін болады”, – деп жазды Жыланбаев.

661c0c2aa59d75f1a74b05eada0af33c

Бұл Қазақстанда салынуы көзделіп отырған құрылысы да, өзі де ерекше жалғыз жоба емес.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Қазақ сәулетшісі Шоқан Матайбеков шаңғы тебуді ұнататындар үшін жаңа жоба ойлап тапқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау