Астана тұрғындары сапасыз көмірді пайдаланғаны үшін жазалануы мүмкін

Астана қаласының басшылары қала экологиясын жақсарту мақсатында арнайы бағдарлама әзірледі. Оның бірі сапасыз көмір жаққан  тұрғындарды жазалау болып табылады.

Бұл туралы Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жеке секторға қатысты мәселені жою үшін, алдымен тұрғындар пайдаланатын көмірдің сапасына назар аудару керек. Біз жиі пайдалануға арналмаған көмірді қолданады. Ал ол көмірлерде көптеген зиянды майлар бар. Тұрғындар сапасыз көмірді пайдаланған соң, адамдардың денсаулығына зиян келіп, сырқаттанады. Бұл жағдайда ауырғандардың саны 37% -ға артады, содан кейін емделуге көп шығын кетеді»,- деп атап өтті Айгүл Соловьева.

Оның айтуынша, Астана қаласының тұрғын үй секторында артық шығарындыларды есепке алып отыратын арнайы датчиктер орнатылады.

«Егер тиісті мөлшерден артық көмір пайдаланғандар белгілі болса, онда олар айыппұл төлеп жазаланатын болады. Айыппұлдан түскен ақшалар қоршаған ортаны қорғауға жұмсалады. Бұл осы мәселелерді шешуге көмектеседі », – деді ол.

Ол тұрғындар таза энергия көздерін пайдалануды субсидиялар мен түсіндірулер арқылы да көтере алады деп атап өтті. Экологтың айтуынша, осы салада Қытай билігі секілді негізгі ерік қажет.

«Бастапқыда осы мәселелер жөнінде әңгімелесу жүргізіледі. Содан кейін таза энергияға ауысу үшін оларды ынталандырады. Бірақ, егер тұрғындар сапасыз көмірді жағып ауыра берейік деп ойласа, біз оларға одан келетін зардаптар туралы айтып, түсіндіреміз. Қытайда бұл мәселеге қатысты іс-шара өтті. Олар қоқыс мөлшерінің шамалы асып кетуіне байланысты кәсіпорындарды жауып тастады. Себебі бұны істемесе болмайды. Осы шараның нәтижесінде Қытайда үш жылдың ішінде бұл мәселе жойылды. Қазір Бейжіңде дәл мұндай ластану жоқ. Сол сияқты, біздің астаналықтар үшін де ауаны таза ұстау керек»,- деп түсіндірді Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева.

Жіберіп алмаңыз:

Тұңғыш Паралимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті тапсырылды

Астанада құрылысына тұрғын үй кепілдік қоры қамтамасыз еткен алғашқы пәтер пайдалануға берілді

Ақтаулықтар Кемеровода қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады

Даниал Ахметов ШҚО-дағы су тасқынына байланысты Үкімет басшысынан көмек сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар