Астана тай бокс бапкері жанып жатқан үйден балалы әйелді құтқарып шықты (видео)

Дүйсенбі, 12 Маусым , 2017 14:31

Астана қаласында муайтай бойынша аға бапкер Диас Кабдуов жанып жатқан үйден балалы әйелді құтқарып қалды.

74747

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

“Бізде пәтер өртенді. Біз өрт сөндірушілерді шақырып, өзімізде сөндіре бастадық. Көршілерге де ескерттік. Бәрін үйден шығарып, газ баллондарын сыртқа алып шықты. Бәрі шыққан сияқты еді, бірақ, өрт күшейген кезде екінші қабатта тұратын әйел айғайлай бастады. Бізде ортақ сорғыштан газ кіре бастады. Ол есік арқылы шыға алмады. Мен подъездге кіріп, оларды шығарып алғым келді. Есігін қағып, айғайладым. Ал пәтерге кіргеннен кейін онымен бірге мүмкіндік барда шығып кеткім келді. Ол өзі киініп, баласын киіндіремін дегенше біз подъезд арқылы шыға алмай қалдық. Мен сосын газ баллонын әрірек апарып, терезені қолмен сосын аяқпен сындырып тастадым. Осы уақытта өрт сөндірушілер де келді. Мен әйел мен баланы терезе арқылы түсіріп, сосын өзім түстім”, – дейді ол.

1497255093_9565e5fb-f9c9-4807-b6b2-7ce25b846d2a

Өрт 8 маусым күні Аққұм көшесінде орналасқан көпқабатты үйде болған. Өрт электр сымдарынан шыққан ақаудың нәтижесінде туындаған.

“Менің кесілген қолым мен аяғымды бірден емдеді. Сол сәтте менде басқа ешқандай ой болған жоқ, бар ойым әйел мен баланы құтқару ғана болды”, – дейді Диас Кабдуов. Оқиғаға орай, әйелдің әжесі әлеуметтік желіде Диасқа алғыс білдірген бейнежазба жариялады.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда екі жігіт көше ортасында бір топ жігітпен төбелесті (видео)

Алматы облысында дәретханаға түсіп кеткен телефонның кесірінен үш адам көз жұмды

Алматыдағы ірі жол апаты: Автобус 8 көлікті жаншып тастады (фото)

Қарағанды облысында балалар толы отырған кафені джип көлігі бұзып кірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар