Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана полициясы көшеден табылған нәрестенің ата-анасын іздеп жатыр

Бір айдай бұрын Астанада жылу трассасы құбырында нәресте табылған, полиция әлі күнге дейін сәбидің ата-анасын іздеп жатыр.

ІІД ақпаратына сүйенсек, төрт айлық бала 12 қыркүйекте 07:00 кезінде Есенберлин көшесіндегі жылу құбыры үстінде табылған. Балаға қою жасыл түсті боди кигізіп, ақ жөргекке ораған, сыртынан ақ түсті түкті көрпемен оралған екен, деп хабарлайды Sputnik.

Астана полициясы осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

“Сәби балалар үйіне орналастырылды”, — деп хабарлайды полиция.

Қандай да бір мәлімет білетін жандардың келесі нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 8 (7172) 71-66-11, 71-66-10, 71-66-49, 71-66-58, 8-747-580-71-78 немесе 102.

Тағы да оқыңыз:

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Досым Сәтпаев: Атамбаев Қазақстанға тиісу арқылы өз елінде «қыран» болып көрінгісі келетін «ақсақ үйрек»

Ұшақта қаза тапқан дәрігерлер баруы тиіс болған 6 баланың анасы көз жұмды

Талқылау