Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана аязында көшеде жаздық киіммен жүрген жігіт қала тұрғындарын таңғалдырды (видео)

Астанада қатты аязда көшеде жаз киіммен жүрген жігіт қала тұрғындарын таңғалдырды. Көшеде футболка киіп ештеңе болмағандай жүрген жігітті куәгерлер видеоға түсіріп алып, желіге жариялады.

Фото: Константин Чалабов

Instagram-дағы zhest_kz парақшасында жарияланған видео желі қолданушыларын да таңғалдырмай қоймады.

Астананың қатты аязын қызық көрген тұрғындардың бірі Facebook қолданушысы Абзал Бейсембаев та -45 градус аязда жалаңаш денесіне қар тигізді.

“Далада қатты жел, сонда да кішкене салқын”, – дейді ол.

Қазгидроеттің хабарлауынша, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, СҚО, Павлодар, Қарағанды, ШҚО-да ауа-райы түнде -35 – -40 градусты көрсетсе, 24-26 қаңтарда қатты аяз болып -45 градус, күндіз -27 – -35 градусқа дейін төмендейтіні хабарланған еді.

Тағы оқыңыз:

Шымкентте жолаушылар автобусы өртеніп кетті (видео)

Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың отбасына бюджеттен ақша бөлінуі мүмкін

Премьер-министр: аяз күндері қызметкерлерді жұмыста ұзақ ұстамаңыздар

Ақтөбеде орамал таққан оқушылардың ата-анасы мектеп директорын сотқа берді

 

Талқылау