Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жолаушылар автобусы өртеніп кетті (видео)

Шымкентте сағат 10:50-де ішінде екі жолаушы мен жүргізуші болған автобус өртеніп кетті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберіліп, тілсіз жау ауыздықталды. Бұл туралы ОҚО ІІД-не сілтеме жасап, Sputnik Қазақстан хабарлады.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері сағат 10:50 кезінде бейнебақылау камерасынан Жібек Жолы көшесінде автобустың жанып жатқанын көрген.

Белгілі болғандай, 2014 жылы шығарылған Shaolin жолаушылар автобусы 22 бағдар бойынша келе жатқан.

Бастапқы болжам бойынша өрттің шығуына электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болған.

Өрт шыққан кезде көліктің ішінде 2 жолаушы мен жүргізуші болған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз:

Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың отбасына бюджеттен ақша бөлінуі мүмкін

Премьер-министр: аяз күндері қызметкерлерді жұмыста ұзақ ұстамаңыздар

Ақтөбеде орамал таққан оқушылардың ата-анасы мектеп директорын сотқа берді

 

Талқылау