Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың отбасына бюджеттен ақша бөлінуі мүмкін

Ауғанстан астанасы Кабулдағы терактіде қайтыс болған Ерлан Жанпейісовтің отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов айтты.

Оның айтуынша, қазір Кабулде террористік қауіп әлі сақталып тұр. Терактіден кейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан елшілігі мен СІМ мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуді қарастырып жатыр. Алайда, ол үшін тиісті құжаттарды жинап, белгілі бір рәсімдер жасау қажет. Қазір бұл іспен дипломаттар айналысып жатыр, дейді СІМ өкілі.
“Біз азаматтарымызға үнемі көмек көрсетіп келеміз, әсіресе қайғылы жағдайда қол ұшын беруге дайынбыз. Біздің Ауғанстандағы дипломаттарымыз қаза тапқан қазақстандықтың әкесімен, туған-туысқандарымен үнемі байланыста. Күн сайын олармен телефон арқылы сөйлесіп тұрады. Қолдан келгенше марқұмның отбасына толық қолдау көрсетіп отырмыз”, — деді Жайнақов.

Оның айтуынша, Қазақстан тарапы марқұмның отбасына мәйітті елге жеткізу бойынша көмек түрлерін ұсынған.

“Қазір мәйітті Қазақстанға жеткізу бойынша түрлі нұсқа қаралып жатыр. Біз өз көмегімізді туған-туысқандарына ұсындық. Осы процедуралармен айналысатын ауған компанияларының бірі 20 мың доллар сұрады. Алайда біздің дипломаттар басқа компанияға жүгінді, олар 6-7 мың доллар сұрап отыр”, — деді ол.

Еске сала кетейік, Ауғанстанда содырлардың шабуылы салдарынан Қазақстан азаматы ажал құшқан еді.

Бұған дейін, Ерлан Жанпейісовтің денесін Қазақстанға жеткізуге 20 мың доллар қаражат қажет екенін хабарлаған едік.

Тағы оқыңыз:

Премьер-министр: аяз күндері қызметкерлерді жұмыста ұзақ ұстамаңыздар

Ақтөбеде орамал таққан оқушылардың ата-анасы мектеп директорын сотқа берді

Ауғанстандағы террактіде қайтыс болған Қазақстан азаматының артында екі баласы қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар