Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Астана Арланс» WSB жаңа маусымын жеңіспен бастады

«Астана арланс» бокс клубы Әзербайжандық «Баку Файрс» ұжымынан басым түсіп, бүкіл әлемдік бокс серисының жаңа маусымын сәтті бастай алды.

DSC00896

Қарағандыда өткізілген кездесу, 4:1 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Үшінші кездесуден кейін-ақ, бокс кешіндегі жеңіс ринг иелерінің жағына шықты.

«Астана арлансқа» алғашқы жеңісті 49 келіге дейін шаршы алаңға көтеріліп қарсыласы Джавид Дадашовты ұтқан Теміртас Жүсіпов әкелді. Мұнан соң Мейірболат Тоитов 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Яраш Магомедовтен айласын асырды. Үшінші шешуші ұпайды 91 келіде бокстасқан Еркін Мұхамеджан алып келді. Ол Хаджи Муртузалиевтан айқын басым түсті.

Қазақстандықтар тарапынан 64 келіде жұдырықтасқан Асхат Уәлиханов қарсыласы Ғайбатулла Ғаджалиевтан жеңіліп қалды.

Ал бокс кешін 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мейірім Нұрсұлтанов өте тамаша аяқтады. Ол қарсыласы Бадри Хардзианиға еш мүмкіндік қалдырмады.

Талқылау