Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай ауруханада жатқанында сүйіктісінің неліктен келіп қолдау көрсетпегенін түсіндірді

Асхат Садырбай өткен жылы жол апатына түсіп, ұзақ айлар бойы ем алды. Денсаулығын қалпына келтірген тележүргізуші қиын сәтте қолдау көрсеткен ата-анасы мен барша досына алғыс айтты. Осы сәтте оған жұбайы ауруханаға келіп қолдау көрсетпеген-ді. Бұған оның перзентханада сәби босануы себеп болған екен.

12135477_976177319099932_81069035_n-1000x600

Фото: reactor.inform.kz

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

– Асхат, осыдан бір жыл бұрын жол апатына түскенің туралы білеміз… Сол сәт туралы толығырақ айтып берсең.

– Аллаға шүкір, ем біткен жоқ. Бірақ қазір таяқсыз жүре аламын. Соған да шүкір. Жол апатына өткен жылдың мамыр айында түскен болатынмын. Үш ай бойы орнымнан қозғалмай жаттым. Өйткені өте үлкен жол апаты болды. Такси жүргізушісі сол жерде қайтыс болып кетті. Басқа жолаушылар біраз уақыттан кейін ауруханада көз жұмды. Ол жол апатынан менен басқа ешкім аман қалмады десек те болады. Менің белім, омыртқам, иығым, жамбасым үш жерінен сынған. Ауруханада көзімді ашқан кезде ешнәрсе түсінбедім. Бірақ орнымнан қозғала алмайтынымды түсіндім. Аяқ пен белім қозғалтпай ауырды. Ертең не болатынын біз білмейміз. Дерт айтпай аяқ астынан келеді екен. Мұндай жағдай кез келген адамның басында болуы мүмкін.

– Біз сонда не нәрсеге дайын болып жүруіміз керек екен?

– Рухани-психологиялық тұрғыдан өзіміз дайын болуымыз керек екен. Өйткені, мен шүкір деймін. Сол сәтте психологиялық тұрғыдан қиналған жоқпын. Аллаға шүкір, ата-анам иманды тәрбие беріпті. Мен ешкімге ренжіп, налып, өкпелеген жоқпын. Мұның маған берілген және мен көтере алатын сынақ екенін білдім. Бастапқыда “бір айдан кейін орныңнан тұрасың” деді. Артынша бұл мерзім ұзара берді. Көкейімде “Неге айлар көбейіп жатыр?” деген сұрақ туды. Бес айдан кейін балдақпен жүрдім. Шыны керек, мен бұлай жүруге ұялған жоқпын. Арбада да отырған кездерім болды. Жүйке жүйемнің қатты зақымдалғанынан қиналдым. Қазір шүкір, өзім жүре аламын.

– Тікелей эфирде өзіңе қолдау көрсеткен адамдардың атын атасаң болады деп ойлаймын…

– Шүкір, мұндай жандар менің қасымда көп болды. Ең бірініш, ата-анам, одан кейін достарым. Әсіресе, группаластарымның орны ерекше болды. Жасұлан, Хамзат, Марат деген достарым үнемі қасымда жүрді. Ауруханада қатты қиналып, біресе қан қысымым, біресе ыстығым көтеріліп ауырып жатқан кезімде сол жігіттер қолдау көрсетті. Жан жарым осы сәтте босанып жатты да, маған жүгіруге шамасы болмады. Десе де, ол маған рухани тұрғыдан қолдау көрсетті.


Жіберіп алмаңыз:

Сара Тоқтамысова: Айтыс әлемінде жүріп спорт саласына ауысып кеткен жоқпын

Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен жетінші кезеңде үшінші орын алды (фото, видео)

Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді

Баян Мақсатқызы: Маған қалай өмір сүру керектігін үйретпеңіздер

Талқылау