Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай жантүршігерлік жол апаты туралы айтып оқырмандарын адамгершілікке шақырды

Осыдан жарты жыл бұрын жол апатына түсіп, аман қалған Асхат Садырбай ішкі жан сырымен бөлісті. Садырбайдың желідегі оқырмандарына үн қатуы оған жолданған «Құдай сені жазалапты», – деген мәтіндегі хабарлама себеп болған. Тележурналист желідегі оқырмандарын адамдықтан аттамауға шақырды. Сондай-ақ, мұндай сынақтың кез келген адамның басына түсуі мүмкін екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Stan.kz.

асхат_33

Танымал тележурналист оқыс оқиғаны “Құдайдың жазасы” деп қабылдайтындарға жауап берді.

«Бүгін тура 6 ай болды. Осыдан 6 ай бұрын таксиде кетіп бара жатып жол апатына ұшыраған едім. Алла сақтап аман қалдық, жанашыр жандардың, осындағы елдің дұғасының арқасында ем қонып қазір шүкір, алғашында екі таяқпен, сосын бір таяқпен, қазір Құдай берген аяқпен жәй-жәй жүрудемін. Қарап отырсам жарты жыл уақыт өте шығыпты. Біреуге көп, біреуге аз, мен үшін бұл уақыт босқа кеткен жоқ. Күйзеліске де түспедім, сабырлық таныттым, күрестім, бір белеске шықтым. Қайбір күні бір таныс “Бог тебя наказал” деп жазып жіберіпті. Жауап қайтармадым. Себебі түсінігі сонша таяз адамға оны ұғындыру үшін бір смс аз болады, бір күн жеткіліксіз. Жылдар керек… Айтқан жерден бәле аулақ, егер сол адамның ағасы немесе інісі осындай жағдайға душар болса оларға да осылай айтар ма екен? Жоқ, ол кезде басқаша сайрайды. Көрдіңіздер ме, өзіміз сондай әділетсізбіз, бірақ әділеттілік жоқ деп аx ұрамыз. Әділеттілікті әркім өзінен бастау керек.», – деп бастады Садырбай өз сөзін.

Асхат басынан өткен опатты жағдайды Алланың жазасы деп емес, пендесіне жіберген сынағы ретінде қабылдайтынын айтып өтті.

«Әлемде қаншама жағдайлар болып жатыр, ауруxаналардағы бейкүнә сәбилер бар, сырқаттанып жатқан жандар өте көп. Олардың бәрін “бог не наказал”. Олар да уақытша сынақтан өтуде. Мен ол жандарға сабырлық, төзім, күш-жігер, шипа тілеймін. Мақсат қойыңыздар, күресіңіздер, жақсылыққа сеніңіздер, әрнәрсенің қайыры бар. Алла бізді жазалайды ма әлде мейіріміне бөлейді ме, оны өзі біледі, біз білмейміз, уақыт көрсетеді. Ванга болмай-ақ қояйықшы. Біздің міндетіміз адамдықтан аттамау, өзгелерді даттамау. Дүниеге адам боп келу, адам боп өлу. Баршаңызға амандық тілеймін», – деп түйіндеді сөзін танымал тележүргізуші.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар

Ернар Айдар өзін «ұрлықшы» деп айыптағандарға жауап берді

Бағым Мұхитденова: Ән айту үшін әдемі дауыс жеткіліксіз екен

Григорий Лепс өзінің концертінде ұятқа қалды (видео)

Талқылау