Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бағым Мұхитденова: Ән айту үшін әдемі дауыс жеткіліксіз екен

Бірнеше күн бұрын желіде Ақбота Сейітмағамбеттің KeshYou тобынан кеткелі жатқаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл тақырыпқа қатысты әншінің өзі де, продюсері де жақ ашпаған болатын. Бағым Мұхитденова да әзірге толық ақпарат бере алмайтынын айтып, тек аталған топта өнер көрсеткісі келетін қыздардың көп екендігін меңзеді.

йф

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Бағым Мұхитденова әпкесі Баян Есентаевамен бірге талай талантты тәрбиелеп, өнер жолындағы тұсауын кескен болатын. Музыкалық продюсер әнші үшін жақсы дауыс қана емес, сыртқы келбеттің де маңызды рөл ойнайтынын айтып отыр.

“Мен адам баласына ән айту үшін жақсы дауыс болса, жеткілікті деп ойлайтынмын. Қазір қателескенімді түсініп отырмын. Әншінің даусы мен сыртқы келбеті бір-біріне сай болуы керек. Бой, ішкі потенциал және музыкалық интеллект те өте маңызды. Кей даусы мықты әншілер оған қалай иелік етуді білмей жатады. Әдетте оны игеру үшін музыкалық интеллект өте маңызды”, – дейді Бағым Мұхитденова.

KeshYou тобының қыздары да дәл осы қағиданы басшылыққа ала отырып тағайындалған еді. Екі жыл бұрын топ құрамы жаңартылып, араға Балжан мен Ақбота келіп қосылды. Дегенмен талай ән жазып, бейнебаян түсіріп үлгерген үштіктің құрамы тағы да өзгеруі мүмкін бе?

“Мен KeshYou-де қандай да бір өзгеріс болатындығы туралы әзірге айта алмаймын. Әрине, өзгеріс болып жатса, сіздер оны міндетті түрде білетін боласыздар. Сол себепті, мұның барлығы құпия болып қала берсін”, – деп қысқа қайырды музыкалық продюсер.

Бағым Мұхитденова KeshYou тобының құрамы қайта жаңаратыны немесе өзгеріссіз қалатыны туралы ашық айтпаса да, бұл топта ән айтуға үмітті жас қыздардың бар екенін жасырмады. Тіпті, музыкалық продюсердің жұмыс үстелі топ құрамында өнер көрсетуге үмітті түйіндемелерге толып кетіпті.

“KeshYou құрамында ән салғысы келетін қыздар өте көп. Топтың құрамының өзгере беретіндігін бизнеспен байланыстыруға болмайды. Мұны адами фактор деп атағанымыз дұрыс. Қыздардың өмірінде түрлі өзгеріс болып жатады. Сол себепті, біздің топта өнер көрсеткісі келетін қыздар әрдайым бар”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Актриса Әлия Әнуарбек ана атанды

Актриса Бибігүл Сүйіншалина түні бойы мотоцикл айдайды (фото)

Сәкен Майғазиев 10 жыл бойы Мейрамбектен жасырған сырын бөлісті

Сиви туған күніне сыйланған мейрамхана туралы жаңалыққа ренжіп қалды

Талқылау