Ернар Айдар өзін «ұрлықшы» деп айыптағандарға жауап берді

Дүйсенбі, 21 Қараша , 2016 13:21

Танымал «хитмендердің» бірі Ернар Айдар өзін плагиат әндері үшін сынға алып, «ұрлықшы» деп айыптаған жандарға жауап берді.

болманов айдар

Әншінің айтуынша, оның репертуарындағы 90-ға жуық әннің небәрі 3-4 өзге елден алынған. Ал қалған 80-нен аса туынды қазақ композиторларының қиялынан туған.

«Сынай берудің қажеті жоқ. Біреуден мін іздейтін заман болып кетті. Ондайдың керегі жоқ. Сосын сіздер мені «ұрлықшы Ернар» деп шығарыпсыздар. Жарайды, мен шетелден алдым, ала беремін де. Өзіме ән ұнай ма, аламын. Оны қазақша жеткіземін. Мен орысша не ағылшынша айтып жүрген жоқпын. Менің 80-90 әнім бар. Соның 4-уі шетелдікі. Тыңдармандар соған қарап қалыпты. Неге басқа 80 әнді мақтамайды? Мысалы, сол 80 ән қазақ композиторларының еншісінде», – деді әнші Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Танымал продюсер Қыдырәлі Болмановтың айтуынша, шетелден ән ұрлайтындар амалдың жоқтығынан оны қазақшаға аударып алады. Бұл орайда Болманов жат мәдениетті маңайына да жолатпайтын Қытай елінен үлгі алуды ұсынып отыр.

«Қытайдың телеарналарына 5 жыл бойы барып жүрдім. Бейжіңге, Шанхайға бардым. Қанша қомақты ақша ұсынсам да, «Ұлытаудың» бірде бір бейнебаянын кіргізе алмадым. Неге? Себебі кіргізбейді. «Бізге бөтендігі керегі жоқ», – дейді. Тамаша, үйренейік, ағайын», – деп атап өтті продюсер.

Жіберіп алмаңыз:

Актриса Әлия Әнуарбек ана атанды

Жазира Байырбекова шашы ең ұзын аруды тапты

Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев орыс тілінде ән айтты (видео)

Қар күреген Гүлнұр Оразымбетова тыңдармандарын таңқалдырды (видео)

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар