Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беруді ұсынды

Танымал журналист Асхат Садырбай Астана әуежайына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімінің берілуіне қатысты пікір білдірді. Ол халықаралық әуежайлардың бренд болуын қолдай келе, Алматы әуежайына Дінмұхаммед Қонаевтың есімін беруді ұсынды.

19424846_553610215029597_2836148260542873600_n

Бұл туралы Садырбай Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Меніңше әлем астаналарының атауы брэнд. Сол сияқты үлкен xалықаралық әуежайлардың да өз алдына брэнд болғаны дұрыс әрі әдемі. Енді Астанаға ұшақпен қонғанда ұшақ командирінің “Құрметті жолаушылар, біздің әуе кемеміз Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына қонды” деген сөзі құлағымызға ерекше жағымды естіледі деп ойлаймын. Жаңа әуежайдың жаңа атауы жақсы бастамаларға себеп болғай, құтты болсын! Енді Алматыдағы әуежайға Дінмұxаммед Қонаевтың аты берілсе керемет болар еді”, – дейді Асхат Садырбай.

Бұл ретте желідегілердің пікірі бөлінді. Кейбіреулер журналистің пікірін қоштаса, ендігілер оны жүзеге асыру қиынға соғатынын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев сахнаға тақия киіп шыққысы келетінін айтты

Димаш қатысқан Singer жобасының қазақстандық нұсқасы пайда болды

Баян Есентаева неліктен Ерке Есмаханмен жұмысын тоқтатқанын түсіндірді

Әлем халықтары Димаштың жаңа әнін жарыса орындап жатыр (видео)

Талқылау