Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева неліктен Ерке Есмаханмен жұмысын тоқтатқанын түсіндірді

Жуырда жарық көрген Ерке Есмаханның “Қайда?” атты клипі небәрі бірнеше күнде миллионды бағындырып, сөзсіз хитке айналды. Бір қызығы, дәл осы клипті Ерке продюсердің көмегінсіз таспалады. Есмаханнң Еркесі жаңа жылдан бастап продюсері Баян Есентаевадан еншісін алып, бөлініп шыққан еді.

22062017 25

 

Бұл ретте Баян Мақсатқызы не себепті Еркемен жұмысын тоқтатқанын түсіндірді.

“Адам баласы 10 жылда мектепті де аяқтайды ғой. Дәл сол сияқты мен Еркемен 10 жыл жұмыс істедім. Ол осы уақыт аралығында тәжірибесін шыңдап, көздеген мақсаттарына жете алды. Қазіргі таңда өнердің биігінде қалықтап жүргені мені қуантады”, – деді Баян Мақсатқызы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.

Иә, ұясынан ұшырғанымен, Баян Мақсатқызы Еркенің шығармашылығын жіті қадағалап, назарда ұстайды екен. Ол шәкіртінің алғашқы туындысының табысқа жеткеніне қуанышты.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда актриса Сая Оразғалиеваның үйіне түскен ұрылар ұсталды

Әлем халықтары Димаштың жаңа әнін жарыса орындап жатыр (видео)

Қайрат Нұртас орысша рэп айтып, тыңдармандарын таңғалдырды (видео)

Нұртас Адамбай көшеде түкіруді қалай доғарғанын айтып берді

Талқылау