Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем халықтары Димаштың жаңа әнін жарыса орындап жатыр (видео)

Әлемге танылған Димаш желідегі парақшасына қазақтың ақын-жазушыларының ұлағатты сөздерін жиі жазады. Ондағы әншінің мақсаты – жанкүйерлеріне қазақ тілін үйрету, насихаттау. Бірақ Димаш мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол енді байқау ұйымдастырып, өзінің жаңа әнін әлем халықтарына жаттатқызудың тың тәсілін тапты.

19379955_144349776123862_3918945653719302144_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш жанкүйерлері арасында байқау жариялап, өзінің су жаңа “Сәлем” атты патриоттық әнін орындауды өтінді. Ал ең үздік орындаушыларды Астанада өтетін концертінде елге көрсетуге уәде етті.

Мұны естіген Dears (Димаштың фанаттары) Димаштың әнін жаттап, шама-шарқылары жеткенше қазақ тілінде орындап жатыр.

Димаш ұйымдастырған байқауға әсіресе, қытай елінің азаматтары белсенді түрде қатысуда.

СӘЛЕМ from Chengdu China #BASTAU #FanDQ #dimashkudaibergen #dears

Публикация от wume (@wume_chaitian)

Тайван еліндегі фанаттар да қалыспайды.

Польшаның кішкентай тұрғыны Маратәлі де Димаш ағасына сәлем жолдауда.

Алматы мен астаналық жанкүйерлер де байқауда бақ сынап көрмек.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас орысша рэп айтып, тыңдармандарын таңғалдырды (видео)

Астана әуежайы туралы қалжыңдаған Нұрпейісов жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Нұртас Адамбай Лондонда басынан өткен оқиғасын айтып, жұртты күлдірді

ЭКСПО қонағымен құшақтасқан Мәдина Сәдуақасова жұрттан ұрыс естіді (видео)

Талқылау