Әскерден қашқан 22 жастағы айлакер жігіт әжесіне үйленіп алған
22 жастағы жігіт әскери комиссариатқа 80 жастағы әйелі бар екені туралы АХАЖ анықтамасын алып келген.
Бұл туралы Вести.ua басылымы жазды.
Винница поселкесінде ата-анасы 22 жастағы ұлдарын өзінің 80 жастағы әжесіне үйлендірген. Мұны әскердегі борышын өтеуге жібермеу үшін жасаған екен. Осылайша 25 қазан күні әскерге шақырту алған Александр бірнеше күн ішінде әжесіне үйленіп, 31 қазан күні әскери комиссариатқа анықтама қағазын алып барған. Мұнымен қатар, анықтамада қалыңдық Зинаиданың бірінші дәрежелі мүгедек екені жазылған.
Жергілікті әскери комиссариат өкілдері аталған некенің жалған екенін дәлелдеу үшін сотқа шағымданған екен. Бұдан өзге де жастар әскердегі борыштарын өтемеу үшін түрлі анықтама ұсынады екен.
Жіберіп алмаңыз:
ОҚО-да полицейлердің жалған құжат жасағаны анықталды
Астана-Көкшетау тас жолында көлік апатынан үш адам қаза тапты
Талқылау

Жаңа оқу жылында бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады: Ата-аналар шығындарымен бөлісті
Алматылық Әсел Исаева есімді ана биыл екі баласын мектепке дайындауға былтырғыдан әлдеқайда көп қаражат жұмсағанын айтады

"1 жастағы науқасқа етеккір келді": Қазақстандық гинеколог жыныстық жетілудің жасы қысқарып жатқанын айтып дабыл қақты
Патологиясы бар қыздар міндетті түрде балалар эндокринологының бақылауында болуы керек