Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жануарлар үйінде иттер аштықтан бірін бірі жеп қойған

Алматы облысында еріктілер қамаудағы қараусыз иттерді тапты. Олар аштықтан бір-бірін жеген дегенде болжам бар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жануарларларды қорғаушылардың айтуынша, иттер қорқынышты жағдайда ұсталған. Олар аштықтан бір-бірін жеген. Оған дәлел сол жерден табылған сүйектер. Сонымен қатар, ол жерден иттердің өлекселері тасталған шұңқырлар да табылған.

Жануарлар қорымының директоры Асқар Авдуғалиевтің түсіндіруінше, еріктілер көрген тірі иттерді  қажет болмағандықтан облыс тұрғындары өздері  тапсырған. Облыс маслихатымен бекітілген ереже бойынша оларды 3 күн тірі ұстау керек. Оларды ешкім іздеп келмесе ғана жояды екен.

Кейін бұл жер жануарлар қорымы екені анықталған.

Тағы да оқыңыз:

Головкин-Альварес қарымта жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Ата-анасы сәби кезінде тастап кеткен қызын 22 жыл бойы көпірде күткен (фото)

Бала күнінде ауырып емханаға түскен қыз бен бала 20 жылдан соң үйленді (фото)

Талқылау