Головкин-Альварес қарымта жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Сәрсенбі, 6 Желтоқсан , 2017 10:52

Орта салмақта  WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль “Канело” Альварестің командасы боксшылардың екінші жекпе-жегін өткізу жайында келісімге келіп, өтетін уақытын мақұлдады.

Басылым ақпараты бойынша қос боксшы арасындағы екінші кездесу мамыр айының басында өтеді. Осыған дейін айтылғандай, 5 мамыр күнгі Мексиканың ұлттық мерекесі Синко де Майомен тұспа-тұс келетін секілді, деп жазады vesti.kz.

Канелоның командасы жекпе-жек келісіміне қол қойса, ресми түрде хабарланатын болады. Ал бұл бокс кешінің қайда өтетіні әзірге белгісіз. Қос боксшының шаршы алаңдағы текетіресін Далластағы  AT&T Stadium, Нью-Йорктегі Madison Square Garden, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешендері қабылдауға ниетті. Ал Геннадий Головкин бір сөзінде Сауль Альвареспен Мексика жерінде де жұдырықтасуға дайын екенін айтқан еді.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы бірінші жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең нәтиже тіркелген еді.

Тағы да оқыңыз:

Ата-анасы сәби кезінде тастап кеткен қызын 22 жыл бойы көпірде күткен (фото)

Бала күнінде ауырып емханаға түскен қыз бен бала 20 жылдан соң үйленді (фото)

Түсінде әйгілі әншілерді көретін балалар үйінің тәрбиеленушісі Ақтөбеде концертін бермекші

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар