Ата-анасы сәби кезінде тастап кеткен қызын 22 жыл бойы көпірде күткен (фото)

Сәрсенбі, 6 Желтоқсан , 2017 10:29

Ата-анасы қызымен 22 жылда нсоң кездесті. Оған дейін қолына плакат ұстап, көпірде  күтіп келген.

Қытайда 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін демографиялық шектеу қойылып келді. Соған байланысты қытайлық әйел 3 жасар қызымен полициялардан жасырынып жүрген. Екінші қызы өмірге келгенде ерлі зайыпты баласын жеміс базарында қалдырып кетеді. Олардың айыппұл төлейтін жағдайы болмаған.

Ата-анасы қызына Цзинчжи есімін жазып, бесікке салып кетеді.

«Кедейлік пен шектеуге байланысты осылай жасауға мәжбүрміз. Баланы құтқарып, оны баққаныңызға рахмет. Құдайдың бар екені рас болса, біздің қызымызбен Цисицза байқауы кезінде көпірде таңертең кездесуімізді жазса екен», – деп жазады хатта.

Қыз баланы АҚШ-қа өзге отбасы асырап алып кетеді. Жаңа ата-анасы қызды Кети деп атайды. Олар туған әке-шешесі мен жазылған хат жөнінде 21-ге толған соң айтамыз деп шешеді. Оған дейін жыл сайын оның туған ата-анасы Цянь мен Сюй көпірге барып күтіп жүреді. Олар қолына баламызды жоғалттық деген плакат жазып алады. Шарқ ұрған ана мен әке түсірілім тобының көзіне түсіп, елге таныла бастайды. Алайда қыздың асырап алған ата-анасы БАҚ-қа сұхбат беруден бас тартады.

Кейіннен бұл жайлы деректі фильм түсіріледі. Фильм арқылы бұл жайттын Кети де хабардар болады. Осылайша өзінің туған ата-анасының кім екенін сұратырып біледі. Өзі де фильм кейіпкері ретінде танылады.  2017 жылдың 7 шілдесінде Цисицза мерекесінде ата-анасымен көпірде кездеседі. Кети өз ата-анасымен біраз уақыт бірге болып, үлкен әпкесімен, әжесімен танысады.

Тағы да оқыңыз:

Бала күнінде ауырып емханаға түскен қыз бен бала 20 жылдан соң үйленді (фото)

Белгілі композитор: Министрдің өзін аш ұстау керек

Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар