Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арзан Nokia мен қымбат Vertu. Журналистер министрлердің телефондарын суретке түсіріп алды

Журналистер Министрлер кабинетіне кірмес бұрын тастап кеткен шенеуніктердің телефондарын байқап қалды, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

4-2%201

Ережеге сай барлық шенеуніктер жиналысқа кірер алдында темір тексеруші детектордан өтеді. Олар міндетті түрде ұялы байланыс аппараттарын арнайы қораптарға тастап кетеді.

Тілшілер осы қораптар ішінен Vertu телефонын байқап қалды.

Алайда жауапты қызметкер тілшінің қымбат телефонды суретке түсіріп алуына қарсылық танытты. Алайда ақырында суретке түсіруге рұқсат берді. Бірақ ол кезде Vertu телефоны алынып тасталған. Тек Iphone, Samsung, Nokia және өзге де телефон модельдері болды.

24 наурыздан бері мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс уақытында смартфондар мен планшеттер ұстауға тыйым салынған болатын.

Vertu – алтын мен платинадан Liquidmetal, титан қоспасынан, жылтырланған болаттан жасалған телефон үлгісі. Ол өте жоғары бағаланады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматының мерейтойына келген Назарбаев костюм мен кроссовки киіп келді

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын көрсетті (видео)

Ақтөбе әкімдігіндегі шенеунік алтын жалатылған креслоға тапсырыс берген

Дариға Назарбаева өзін елбасының мұрагері ретінде қарастыра ма

Талқылау