Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев домбырада шебер ойнайтынын көрсетті (видео)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығына» өз домбырасын сыйға тартты.

Безымянный

Аталған орталықта болған кезінде елбасы домбыра шертіп, қазақтың көне аспабында ойнай алатынын көрсетті. Осы сәт түсірілген видео Ақорданың баспасөз қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығына» әйгілі күйші Дина Нұрпейісоваға арналған «Дала әуендері» атты мүсінді де қоса тарту етті.

Аталған орталықта Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, Қастеев атындағы мемлекеттік музей, Алматы қаласының тарих музейі, сондай-ақ мемлекеттік мұрағаттар қорынан алынған қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлерінің бірегей аспаптары көрермендер назарына ұсынылған.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбе әкімдігіндегі шенеунік алтын жалатылған креслоға тапсырыс берген

Дариға Назарбаева өзін елбасының мұрагері ретінде қарастыра ма

Елімізде білім мен медицинаға бөлінуі тиіс қыруар қаржы сыртқы қарызды жабуға жұмсалып жатыр

 

Талқылау