Ақтөбе әкімдігіндегі шенеунік алтын жалатылған креслоға тапсырыс берген

Жұма, 16 Қыркүйек , 2016 23:16

Ақтөбелік шенділердің сән-салтанаты ақпатшадан кем емес. Үнемді білмейтін олар креслоның былғарысын қойып, енді алтын жалатылған түріне тапсырыс бере бастапты. Мемлекеттік сатып алу сайтына тапсырысты облыс әкімінің іс басқармасы берген, – деп хабарлайды ктк арнасы.

обоб

Фото: blog.unitex.ru

Хабарландыруда креслоның еменнен жасалып, терімен қапталып, алтын жалатылған сымдармен тігілуі керектігі айтылған. Мұндай ерекше мүлік үшін қазынаның 630 мың теңгесін аямайтындарын жазыпты. Бірақ, дағдарыс кезінде дарақыланған шенеуніктер жұрт даурыққан соң райларынан қайтып отыр.

Он күн бұрын жариялаған хабарландыруда қате кетті деп енді ақталып әлек. Оған жол берген қызметкерге қатаң сөгіс жариялап та үлгерген. Алтын орынтаққа жайғаспақ болған әкімнің Іс басқармасының басшысы Әділ Сейсенбаевты орнынан таба алмадық. Ал қарамағындағылар креслоның алтын емес, сары түсті болғанын қаладық деп өздерінше түсіндіргендей болды.

«Алтын емес, сол сары түсті болу керек деп айттық. Алтын болу үшін караты болуы керек, құрамы болуы керек. Егер таза алтынан болатын болса. Ол жақта олай жазылмаған. Шегелерінің түсі ғана жазылған», – дейді Ақтөбе облысы әкімі іс басқармасының заңгері Бақытбек Аяғанов.

Оқи отырыңыздар:

Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия Баян Есентаеваның сөзіне қатысты пікір білдірді

Дариға Назарбаева өзін елбасының мұрагері ретінде қарастыра ма

Бауыржан Байбек айына қанша жалақы алатынын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар