Арыста аталарынан бастап 500 жылдан бері теміржолда жұмыс істейтін әулет бар

Бейсенбі, 11 Мамыр , 2017 13:42

Бүгінде күнгей жерінде, дәлірегі Арысқаласында еңбек өтілі 500-жылға жуық уақыт болатын теміржолшы Жаңабаевтар династиясы тұрып жатыр,-деп жазды өңірдегі Stan.kz тілшісі.

темір
Бұл кәсіпті Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары әулеттің отағасы Күшікбаев Тазабек жалғастырған. Бұл азамат ҰОС жылдарында тылда еңбек еткен. Ол Теміржол су мекемесінде 36 жыл жұмыс істеп, бейнеттің зейнетін көрген.

темір2

Тазабек Күшікбаев осы уақыт аралығында қалаға жапсарлас жатқан Талдықұдық, Қабылсай, Шағыр станциялары мен разъездеріндегі халықты ауызсумен қамтып отырған.

Қала маңындағы бұрынғы Қабылсай бекетінде тұратын Жаңабай қария бастаған теміржолшы мамандығына отбасынан 17 адам қосылып, бүгінде 14-і жалғастырып жатыр. Яғни, 7 ұлы мен екі келіні және 5 немересі ата кәсіпті абыроймен атқарып келеді.

темір1

Ал бүгінде 85 жасқа толған Жаңабай ақсақал өмірлік серігі Райхан анамен 63 жылдан бері тату-тәтті өмір сүріп, 7 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп өсірді.

Олардан 22 немере, 18 шөбере сүйіп, бүгінде Райхан апамыздың Кеңес Одағы кезінде «Батыр ана», Тәуелсіз еліміз берген «Алтын алқа» иегері атанып, құрметке бөленіп отырған жайы бар.

Әлбетте, Жаңабаевтар әулетінің ұзақ жылдар бойы теміржол саласында сіңірген еңбектері елеусіз қалмады. Былтыр облыс әкімінің «Үздік еңбек династиясы» номинациясын иеленді.

Жылдар бойы ата кәсіпті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жауапты міндеттің үдесінен шығып келе жатқан әулеттің ауыз толтырып айтарлық марапаттары жеткілікті.

Оқи отырыңыз:

45 жастағы қыз: Ең қиыны әрі қорқыныштысы жалғыз қалу екен

Астана тұрғыны баспанасын бұздырмау үшін Назарбаевтың суреттерін іліп тастады

Өгей ұлын өлтірген әйелдің қылмысты қалай және не мақсатпен жасағаны анықталды

Қоластындағылар мен науқастардан ақша бопсалаған Маңғыстауың бас дәрігері сотталды

Ақтөбеде сәбиін 60 мың теңгеге сатып жіберген анаға қатысты сот үкімі шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар