Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аршавин: Қазақстан чемпионатын жеңіп алсам, медалін тағы да лақтыра саламын

Былтырдан бері алматылық “Қайрат” сапында ойнайтын ресейлік Андрей Аршавин ел кубогының финалындағы қылығына қатысты пікір білдіріпті.

025_arshavin

“Қайрат”-“Астана” кездесуінен соң күміс медалін трибунаға қарай лақтыра салған болатын. Көпшілік мұны елді менсінбеушілік деп қабылдады. Әйтседе, Аршавин сол қылығы үшін ақталуға тырысыпты.

“Ауа райы нашар болатын. Мен тынығатын бөлмеге кетіп бара жаттым. Ел қолдап айғайлап жатты. Сосын медаль біреуіне естелікке қалсын деп трибунаға лақтыра салдым. Өкінішке қарай, оны қарсылас команданың жанкүйері олжалапты, амал қанша”, деген футболшы егер Қазақстан чемпионатын жеңіп алсам оны да жанкүйерлерге естелікке лақтыра саламын дейді.

Бұған дейін танымал футболшы өзіне қазақтың ет тамағының түрі ұнамайтынын айтып қалған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық спортшы жол апатына түсіп қаза тапты

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Универсиада жеңімпаздарына берілетін сыйақының көлемі белгілі болды

Боксшы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Талқылау