Арман Қоңырбаев: Әке атанғанымды біразға дейін сезіне алмадым

Жұма, 20 Қазан , 2017 15:39

Бүгінгінің Қозы мен Баянына айналған бұл жұпқа қызықпайтын жан жоқ. Расында үнемі көңілді жүретін Арман мен Ашаның махаббат хикаясы көпке үлгі. Екеуінің есімі дау-дамайдың ортасында ешқашан аталған да емес. “Бұл тәрбиелеп өсірген ата-анамыздың арқасы” дейді жұлдызды жұп.

КТК арнасының “Әнім сен едің” бағдарламасына берген сұхбатында Аша өзіне қызындай қарайтын ата-енесі жайлы ағынан жарылып сұхбат берді, деп жазады Stan.kz.

“Шыны керек, өзімнің ата-анам сияқты болғандықтан ата-енем деп айта алмаймын. Қатты қинаған жоқ ол кісілер. Ол үшін мың алғыс. Ең басында келгенде ерте тұрып, шайын қойып, тамақтандырып, сәлемін салдым. Біз жақта ондай дүниелер жоқ қой негізі. “Сондайың болмаса да, тәрбиеңді көрсетіп, бізге деген сыйластығыңды көрсетіп, салт-дәстүрді көрсетіп жатқаныңа рахмет. Бірақ осы тұстан саған келін емес, қыз ретінде қараймыз. Сен де өзіңді қызымыз ретінде сезін. Сәлем салып, қатты ерте тұрудың қажеті жоқ” деп өздері айтқан еді.

Ал кейде өзім қатты уайымдап кетемін, мен келін емеспін бе, өзімді тым бос ұстап кеттім деп ерте тұрып аламын. “Неге ерте тұрып алғансың?” дейді. “Жай, сіздермен әңгімелесейін дегенім ғой” деп сөйтетінім бар”, – дейді Аша.

Арманның қай туысымен де тіл табыса алатын Аша жүктілік кезінде де аса қыңырлық танытпаған.

“Түн ішінде тұрып алып, құлпынай жегім келеді деген нәрселер болмады. Кейде бірдеңе жегім кеп жатыр дейді, жарайды онда, ертең жейміз деймін. Ол да иә деп әрі қарай ұйықтай береміз”, – дейді Арман жарына деген ризашылығын білдіріп.

Дәл осы шақта ерке қыздың көңіліне кірбің түскен. Халықтың назарында жүріп үйреніп қалған Аша сан түрлі ойларға бой алдырғанын жасырмайды.

“Арман маған қазір көңіл бөлмей жүрген сияқты деген ойлар болды. Ұрсып, ренжіп қалған кездер де болды. Кейде ол маған ренжиді. Кейде мені құшақтап алып: “сені түсінемін, қазір жүкті болғандықтан, солай айтып отырсың”, – дейтін. Ол үшін Арманға айтар алғысым мол”, – деген Аша жарының мінсіз әке екенін де атап өтті.

Айтуынша, Арман отбасына материалдық қана емес, моральдық тұрғыдан да барынша көмек көрсетуге тырысады.

“Біраз уақыт әке атанғанымды сезіне алмай жүрдім. Көлік айдап келе жатып Ашаға: “Үйде қызымыз бар ғой”, – деп ойланып қаламын. Үйленгенімізге үйреніп кеткенмін, ал әке атанғанымды енді сезіп жатырмын. Үйге келген кезде қызымыз күліп қуанған кезде өзімді әке ретінде сезініп, қуанып жүрмін”, – деген Арман қызы Асылымның анасына қатты ұқсайтынын атап өтті. “Кейін ұлымыз маған ұқсасын”, – деп тілек білдіруді де ұмытпады ол.

Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденова алғаш рет жолдасы Әлішердің бірінші әйелі жайлы ашып айтты

Гүлзира Айдарбекова үшінші перзентінің ұл екенін білгенде өксіп жылағанын айтты

Шу тұрғыны тікелей эфирде Ерке Есмаханға жүрегін ұсынды (видео)

Төреғали тойына қатыспаған екі қызы туралы айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар