Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арли Чонтей Рио медалінен қағылды

Ауыр атлет Арли Чонтей 56 келі салмақта жұлқа көтеруде 130 келіні бағындырып, серпе көтеруде алғашқы мүмкіндігінде 148 келіні бағындырды. Ал екінші және үшінші мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

атлет

Сонымен Чонтей де Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтап, үмітімізді ақтай алмады. Ол төртінші орынды қанағат тұтып, жүлдеге бір қадам жақындап барып тоқтады. Мықтылар жарысты әлі жалғастырып жатыр, деп хабарлады Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, жұлқа көтеру сайысында Чонтей бірінші мүмкіндігінде 125 келіні еркін бағындырды. Екінші мүмкіндігінде 130 келіні басынан асыра көтерді. Ал үшінші мүмкіндігінде бас бапкер 132 келіге тапсырыс берген еді, алайда оны көтере алмады.

 

Талқылау