Әрқайсысы 5 миллион теңгеден: Астанада медицина университетінен шығарылған студенттер өтемақы төлейді

Ағылшын тілін меңгергендігі туралы сертификаты жалған боп шыққан астаналық 117 студент енді қайта грантқа тапсыра алмайды. Тек ағылшын сынағынан сүрінбей өтсе ғана ақылы бөлімге түсуге мүмкіндігі бар. Денсаулық сақтау министрі жаппай оқудан шығарылған магистранттар мен докторанттарға қатысты осылай пікір білдіріп, болашақта медициналық университеттердің оқу жүйесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады КТК.

Астанада медицина университетінен шығарылған әр студент 5 миллион теңгеден қайтаруы тиіс

Фото: скриншот КТК

“Бұрыннан қазақ топтары болды, орыс топтары болды. Бірақ, келешекте біз ойлаймыз, келешек дәрігерлер үш тілде бірдей оқу керек: қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде. Жоғары білім алған мамандарға байланысты әрине қажетті қылмыстық зерттеу жұмыстары өткізілуде. Кім сертификаттар шығарып жатқаны, менің ойымша табылады”, – дейді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Қазіргі уақытта 117 магистранттар мен докторанттардың барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Олардың 27-сіне оқудан шығару туралы сот шешімі шығып, қалғаны әлі тергеліп жатыр. Оларға ағылшын тілінен халықаралық «айлтс» сертификатын қолдан жасап берді деген күдікпен екі адам анықталып, тергеуге алынған. Олардың Медициналық университетпен байланысы болуы да мүмкін. Ал опық жеген студенттердің әрқайсысы мемлекеттік гранттарды пайдаланғаны үшін бюджетке шамамен 5 миллион теңгеден қайтаруы керек. Осы жағдайға байланысты университетте бір факультет деканы мен орынбасары және тағы бір қызметкер жұмыстан қуылған.

Тағы оқыңыз: 

Шымкентте сабағын дұрыс оқымағаны үшін ұлын аяусыз ұрған әйел сотталды

Таразда медресе шәкірті 5-қабаттан секірмек болған студент қызды ажалдан арашалады

Қызылордалық азамат екі бала туып, қатерлі дертке шалдыққан келіншегінің көзіне шөп салған

Ақтау тұрғындары ерекше табиғат құбылысын көрді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар