Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арбаға таңылған “Әлем аруы” өмірге деген ерекше құштарлығымен жұртты тамсандырды

Арбаға таңылған “Әлем аруы” Ксения Безуглова өмірге деген ерекше құштарлығымен жұртты қайран қалдырды.

Бұл туралы best-fan.ru басылымы жазды.

Омыртқасына зақым келгеніне қарамастан, ол көпбалалы ана атанып, “Барлығы да мүмкін” қорын құрып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мәселесімен айналыса бастады.

Келіншектің жаңа жобаларға қандай құштарлықпен кірісетініне тамсана қарауға болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін оқуға жағдай жасап, экстремалды спорт түрлерімен айналысып, вальс билеп жүр. Ол үшін мүмкін емес нәрсе жоқ. Жуырда Безуглова ұлын босанып, отбасының жаңа мүшесін үлкен қуанышпен таныстырды.

“Леша екеуіміз 2 ай қыз-жігіт болып жүріп, кейін үйленіп кеттік. Бұл бір көргеннен тұтанған сезім десем қате айтпаймын. Құдды тоқ немесе найзағай соққандай болды. Сол сәтте бұрынғыдай бола алмайтынымды түсіндім. Өзгелер менің оны ұмытқанымды қалады. Бірақ, мен оны ойымнан да шығара алмадым. Мен әрдайым жүрегімді тыңдаймын. Осы күнге дейін осы әрекетім үшін өкініп көрген емеспін. Барлығын тастап, тойды болдырмауды жөн көрдім. Біз жас болдық, батыл едік. Бірақ, араға 3,5 жыл салып екеуіміз қайта үйленіп, Мәскеуге көшіп бардық.

Мен жылдамырақ ана атанғым келді. Алайда күйеуім өте сабырлы, ақылды адам. Баланы асырауға қаражатымыздың жетпейтінін түсіндірген болатын. Бір күні Леша сөз арасында балалы болатын уақытымыздың келгенін айтты. Қуанышыма орай, бірден жүкті болдым.

Ол қатты таңқалды. Тіпті “Неге тез болып кетті?” деп айтқан болатын. Көптеген жұп ата-ана атану үшін көп емделіп, ұзақ күтеді. Ал біздің бірден жолымыз болып кетті. Сол сәтте іштей ашуланғаным рас. Қазір осы нәрсеге қарап күлеміз. Күйеуім қуанып, маған барынша қамқор болуға тырысты.

Жүктіліктің үшінші айында Владивостокқа бара жатып жол апатына түстік. Мен көліктің артқы жағында отырған болатынмын. Бастапқыда мен басқа көлікте отырдым. Кейін арасында тоқтап жол апатына түскен көлікке ауыстым. Жағдайдың қиын екенін бірден түсіндім. Аяғымды көріп айқайлап жібердім. Орнымнан қозғала алмай денем қатты ауырды. Қолым қатты жарақаттанып, омыртқам сынды. Бірінші кезекте “Ішімдегі балам аман ба?!” деп сұрағаным есімде. Оны жоғалтып аламын деп қатты қорықтым. Оны жоғалтсам, ары қарай өмір сүре алмаймын деп ойладым. Бірақ, сәби дін аман болып шықты. Осы ана болу арманымның арқасында алға қадам басып келемін. Күйеуім де үнемі барлығының жақсы болатынын айтып жүретін. Жанымда жақындарым мен достарым болды.

Көп ұзамай жол апатына түскенімді ұмытып та кеттім. Денем қатты ауырғаннан күніне 2 сағат қана ұйықтайтын едім. Ешуақытта жағдайыма бола жылаған емеспін. Дәрігерлер баланы алдыртып тастауға көндірмек болды. Омыртқама ауыр салмақ түсіп, мен көтере алмай қала ма деп қорықты. Наркоздың көп болғаны соншалық бала аман-есен дүниеге келуі мүмкін емес еді. Десе де, іштей барлығын көтере алатыныма сенімді болдым. Перзентхана басқарушысының “Қалқам, өзің арбада отырсың. Оған бала қосылса, ешкімге керек болмайтыныңды жақсы түсінесің ғой” деп айтқаны есімде. Өзін пайғамбар сезініп кеткенін көріп қатты ашуланған болатынмын. Қанша жаман болжамдар айтылса да, қызым аман-есен туды”, – дейді Ксения Безуглова.


Жіберіп алмаңыз:

Германиядан адамзат тарихын өзгертуі мүмкін артефакт табылды

Таңғажайып оқиға: Келіншек тоғыз ай ішінде екі рет жүкті болған

50 жастағы ананың ұлдарымен түскен суреті жұртты шулатты (фото)

Анасының даусын алғаш естіген құлағы керең нәрестенің қылығы көпшілікті жылатты (видео)

Талқылау